Муса МАРЖАНЛЫ,
Бас редактор
Жуырда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл толды. Осыған байланысты «IRS-Мұра» журналының кезекті нөміріндегі материалдардың басым көпшілігі екі дос және бауырлас елдің өзара қарым-қатынастарының түрлі спектілеріне арналады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановтың ауқымды мақаласы екі халықтың әдеби байланыстарының тарихы, шығыс поэзиясының классиктері Физули мен Низамидің көрнекті қазақ ақындарының шығармашылығына әсері, сондай- ақ халық эпикалық әдебиетіндегі ұқсастықтар туралы молынан мәлімет береді. Өткен ғасырдың бастапқы кезеңдеріндегі екі халықтың ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары, Алаш-Орда мен Әзербайжан Демократиялық
Республикасының басшылары арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым- қатынастары туралы ақпарат оқырмандар үшін қызығушылық тудыратыны анық. Сондай-ақ автор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің достық қарым-қатынастарына да тоқталып өтеді.
Журнал беттеріндегі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, екі елдің энергетика министрлері Парвиз Шахбазов пен Қанат Бозымбаевтың, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовтың, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың мақалаларында екі ел арасындағы қатынастардың өткені мен болашағы талданады.
2019 жылы Әзербайжан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының 100 жылдығы аталып өтті. Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар аммадияровтың мақаласында Әзербайжан Демократиялық Республикасы делегациясының 1919-1920 жылдардағы Париж бітім онференциясындағы қызметі жайлы мәлімет беріледі.
Өткен жылдың тағы бір ерекше мерейтойы Баку мемлекеттік университетінің
(БМУ) 100 жылдығы болды. Әзербайжанның жетекші оқу орнының тарихы, оның ғылым, мәдениет және басқа да өмір салаларының дамуына қосқан үлесі БМУ ректоры Эльчин Бабаевтың мақаласында көрініс тапқан.
Оқырман назарына Армения тарапынан басып алынған Әзербайжанның
Карабах тарихи облысының экономикалық және мәдени орталығы Шуша қаласының тарихы мен Әзербайжандағы анар мерекесі туралы материалдар да ұсынылады.
Жеке өзім және редакция ұжымы атынан «IRS-Мұра» оқырмандарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, тек жақсылық болсын деп тілеймін.
Әрдайым бізбен бірге болыңыздар!